Путин Назарбаевқа қоңырау соқты

0 0

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына әзірлік барысын талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.