Тараз қаласында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын түсіндіруге арналған офис ашылды

0 13

Бүгін Тараз қаласында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы орталықтандырылған түсіндіру офисі құрылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қолбасшы Қойгелді көшесі № 173 үйде орналасқан офис бағдарламаға қатысушы барлық екінші деңгейдегі банк өкілдерін бір жерге шоғырландырып, қала тұрғындарын мәліметтік кеңестер, жеңілдіктер туралы хабардар ету, сол арқылы ипотекалық бағдарламаны қарқынды жүзеге асыру үшін құрылып отыр.

Сондай-ақ, мұнда бағдарлама бойынша «Арай» тұрғын алқабы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 15 — шағын аудандағы үйлерден пәтер алуға тұрғындардан өтініштер қабылданады.

Сонымен қатар, офисте серіктес екінші деңгейлі банктердің құжаттарды рәсімдеу, пәтердің метрі мен бөлмесі, бағасы туралы толық ақпарат беріледі.

Қалада тұрғын үй кезегінде тұрған 16500 адамның ішінен бағдарламаға қатысуға 300 адам ниет білдірді. Қазіргі кезде, тұрғындарға «Арай» мөлтек ауданынан 101 пәтер және «Бәтерек девелопмент» АҚ тұрғызған 34 пәтер екінші деңгейлі банктер арқылы ұсынылуда.

Бұдан басқа, 15 шағын ауданда 800 пәтерден 559 пәтері «7-20-25» бағдарламасына жақын арада ұсынылуға дайын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.