«БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы тұрғындарды ашық есік күніне шақырады

0 2

«БЖЗҚ» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалы 2018 жылдың 20 қарашасында өтетін «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты ашық есік күніне шақырады, — деп хабарлайды «ZhanbylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шараға салымшылармен қатар алғаш рет жоғары сынып оқушылары мен колледждердің бірінші, екінші курс студенттері қатысады.

Шара барысында қор қызметкерлері қатысушыларды Қазақстанның зейнетақы жүйесінің жұмысымен таныстырып, оған қалай қатысуға болатынын айтып береді, қор қызметтеріне жүгіну , қордың салымшылар және алушылармен байланыс жасау тәсілдерімен таныстырады.

Ашық есік күніне келушілер қор қызметтерін www.enpf.kz сайты, ENPF ұялы қосымшасы, telegram-бот арқылы қалай қолдануға болатынын біле алады.

Ал, шараға қатысушы мектеп оқушылары мен студенттер арасында kahoot-викторина ұйымдастырылып, белсенділік танытқандарға алғыс хат табысталады.

Барлық ниет білдірушілер 20 қараша күні сағат 10:00 мен 17:00 аралығында Тараз қаласы Қазыбек би көшесі 177 үй мекенжайы бойынша күтеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.