Шу ауданындағы ІТ-сыныптың жұмысы көпшілік назарына ұсынылды

0 4

Шу қаласындағы «Жібек жолы» мектеп-лицейінде аудандық «Табысты менеджерлер шеберханасы» атты іс-шара болып өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Шараға аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Майра Базарова мен Шу қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Нұрғалиев және аудандағы білім ордаларының директорлары қатысты. Ал, қонақтар ең әуелі мектеп қабырғасында ұйымдастырылған ұстаздар мен оқушылардың көрмесін тамашалады.

Бұдан кейін, ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалының қолдауымен ашылған ІТ-сыныптың жұмысы көпшілік назарына ұсынылды. Айта кету керек, ІТ-сынып бір мезетте 10 оқушыға қызмет көрсететін заманауи құрал-жабдықтармен, оқу құралдары және компьютерлермен қамтамасыз етілген.

Өз кезегінде, оқушылар бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика және геометрия пәндерінің элементтерін пайдаланады.

Шара барысында Ардақ Төлепбайқызының 10 және 11 сынып оқушыларына арналған «Геоэкология және қоршаған орта» атты қолданбалы курстық бағдарламасының тұсаукесері болды.

Аталған еңбектің ауданның оқытушылары үшін де өте құнды екенін айта кетуіміз керек. Өйткені, бұл ұзақ жылғы тәжірибе мен білімнің арқасында нақты деректерге сүйене отырып жазылған еңбек. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.