Жеңілмеген қазақ боксшысы 22 рет нокаутпен жеңген мексикалықпен кездеседі

0 0

Болашағынан зор үміт күттіретін қазақ боксшысы Нұрзат Сабыровтың (7-0, 6 КО) 24 қарашада Канаданың Римуски қаласында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Біздің отандасымыз тәжірибелі мексикалық Рокки Монтойиге (32-2, 22 КО) қарсы рингке шығады. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады және екінші орташа салмақ дәрежесінде өтпек.

Атап өтсек, 36 жастағы Монтойи бокстағы карьерасын 1997 жылы бастаған, ол кезде Сабыров төрт жаста болатын.

Сонымен қатар, бұл кеште тағы бір қазақстандық Садриддин Ахмедов (4-0, 4 KO) кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ол Мексика өкілі Хозе Франсиско Зунигамен (14-11-2, 5 KO) кездеседі. Бірінші орташа салмақ дәрежесінде өтетін жекпе-жек әр қайсысы үш минуттық алты раундтан тұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.