Арнайы техникаға жол!

0 4

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметі және Төтенше жағдайлар басқармасы, Жамбыл облысы Әкімшілігімен және жергілікті атқарушы оргкандарымен бірлесе отырып, арнайы техниканы қолдана отырып Тараз қаласының мөлтек аудандары мен тұрғын үй алаптары аралап шықты. Мақсат- өрт оқиғасы тіркеле қалған жағдайда техникалардың оқиға орнына кедергісіз жетуіне мүмкіндік жасау,-деп жазады “Zhambylnews” Ақпарат Агенттігі.

Соңғы уақытта Тараз қаласында мөлтек аудандардағы көп қабатты тұрғын үйлерде өрт оқиғалары өршіп тұр. Алайда өрт сөндірушілердің оқиға орнына кешікпей жетуіне көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы жолдарда орналасқан бөгеттер кедергі келтіруде. Атап айтқанда бұл жағдай өрт сөндіру автокөліктеріне өрт орнына қысқа жол арқылы жедел жетуіне кедергі тудырады. Бұл өз кезегінде адам өмірі мен денсаулығына қауіп тудырып, материалдық шығынға алып келеді.

Осы іс-шара барысында бетон плиталар,түрлі бөгеттердің орналасуы анықталып, төтенше жағдай кезінде арнайы техниканың өте алмайтындығы анықталып, сол жерлерде техниканы қолдана отырып барлық құрылыстар жойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.