Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы кітапханада Елбасы мақаласы талқыланды

0 12

Бүгін Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау, түсіндіру мақсатында Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында жиын өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жиында Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті Мақұлбек Рысдәулет, облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының аға ғылыми қызметкері Сауран Қалиев Елбасы мақаласына пікір білдірді.

Бұл мақала «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы екенін Елбасының өзі атап өткен болатын. Бұл мақала да елімізге, халқымызға дәл солай үлкен серпіліс әкелетіні айқын.

Жиында «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Жасұлан Әбдіхалық «Жас келсе — іске» деп, мақаланы насихаттап қана қоймай, іс жүзінда жүзеге асыру керектігін алға тарта отырып, өзінің бірнеше жоспарларымен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.