Облыстағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ерекше спорттық жарыс өтті

0 2

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Көңілді сөре» атты спорттық жарыс өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы отбасы мен мектеп байланысын жетілдіру мақсатында өткізілген сайысқа ата-аналар мен мектеп қызметкерлерінің командалары қатысты.

Спорттық сайыс  эстафеталық таяқпен жүгіру, арқан тарту, бадминтон, «Сиам егіздері», «Кім жылдам» сынды кезеңдерден тұрды.

Ойын нәтижесі бойынша Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкерлері жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар ептілік, шапшаңдық танытқаны үшін марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.