Байзақ ауданында жаңа су қабылдау ғимараты халық игілігіне тапсырылды

0 5

1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Байзақ ауданы Көптерек ауылдық округіне қарасты Кеңес ауылында жаңа су қабылдау ғимараты мен су құбыры желісінің құрылысы халық игілігіне тапсырылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Көптерек ауылдық округіне қарасты Кеңес ауылында көптен күткен той. Бұған дейін, ауладағы құдықтың ащы суын ішкен халық, таза су тұтынуға мүмкіндік алды. Мемлекет қазынасынан 43 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалған су ғимараты  1 жыл ішінде аяқталып, лентасы кесілді.

Ғимараттың лентасын ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекжасар Ермағанбетов және еңбек ардагері Әштай Оразов қиды.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекжасар Ермағанбетов:

Су – тіршілік көзі. Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты. Еліміздің айтулы мерекесі – Президент күні  қарсаңында  ауылда су қабылдау ғимараттары мен су құбыры желілерінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріліп отыр. Ендігі жерде ауыл тұрғындары тереңнен тартылған суды тұтынуға толық мүмкіндігі бар. Осындай мүмкіндік тұғызып отырған Елбасына алғысымыз шексіз. Бұл ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш.

Жоба құны — 4236  мың теңгені құрайтын нысанды «Импульс ЛТД» ЖШС-і жүргізген.

Сондай-ақ, су қабылдау ғимаратының ашылу салтанатына аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев қатысты.

Айта кетейік, Байзақ ауданында бұдан өзге мереке қарсаңында 7 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Атап айтар болсақ, Шахан ауылындағы ауысымына 5 келушіге арналған медициналық пункт, Аймантөбе ауылындағы 10 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт, Ынтымақ ауылындағы  15 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория, Тегістік ауылындағы  5 келушіге арналған медициналық пункт, Жібек жолы ауылындағы  5 келушіге арналған медициналық пункт, Жаңатұрмыс ауылындағы  5 келушіге арналған медициналық пункт, Сарыбарақ ауылындағы  5 келушіге арналған медициналық пункт.

Leave A Reply

Your email address will not be published.