Облыс әкімдігінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды

0 1

Облыс әкімдігінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және меморандумда белгіленген индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы қаралуда. Ол бойынша өңір басшысы Асқар Мырзахметов облыс әкімдігінің басқарма басшыларын жеке-жеке қабылдап, индикаторларға қол жеткізу және қол жеткізбеу қаупі бар көрсеткіштер бойынша жауаптар алды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Ең алдымен облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков баяндама жасады. Оның айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасындағы халықты қоғамдық көлікпен қамту көрсеткіші бойынша жылдық жоспар 93 пайыз болса, орындалуы 91 пайызды құрауда. Бұл орайда Жамбыл, Сарысу, Шу аудандары жұмыстарының сылбыр екенін жеткізді. Ал, келесі индикатор бойынша 2018 жылы облыс аудандарында 7 автобекет соғу жоспарланса, бүгінге дейін оның 4-еуі ғана бой көтерген. Ал, Шу ауданындағы автобекет мәселесі жыл соңына дейін шешіледі деп күтілуде. Асқар Исабекұлы қалған Жамбыл мен Меркі аудандарындағы автобекет соғу жұмыстарын уақыт созбай іске асыру керектігін шегелеп тапсырды.

Айта кету керек, ҚР Премьер-министрі мен облыс әкімі арасындағы меморандумда белгіленген жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі облыстық және аудандық жолдардың көрсеткіші көңіл толарлықтай. Көзделген меже –73,3 пайыз болса, орындалуы – 78,8 пайызды құраған.

Бұдан соң өңір басшысына облыстық құрылыс, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармалары есеп беріп, өз тараптарынан көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдеді.

Айта кету керек, мемлекеттік бағдарламалардың және меморандумда белгіленген индикаторлардың орындалуы бойынша бұдан басқа да барлық облыстық басқармалардың жұмыстары мен көрсеткіштер қаралуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.