Нью-Йоркте Қазақстанның мәдениет және әдебиет халықаралық форумы өтуде

0 0

4-7 желтоқсанда Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен және Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесіп ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты Қазақстанның мәдениет және әдебиетінің Халықаралық форумын өткізеді, — деп хабарлады «ZhambylNews» АА Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Форумның мақсаты – қазақстандық мәдениеттің әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануы болып табылады. Форум әлемдік қауымдастыққа қазақстандық шығармалармен танысуға және қазақ авторларының әлемдік жаһандық әдеби үрдіске бірігуіне мүмкіндік береді.

АҚШ-та өтетін форумға ақын-жазушылар, аудармашылар мен журналистер қатысады. Форум аясында Қазақстандық кітаптардың тұсаукесері және «Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті» фотокөрмесі өтеді. Аталмыш форум бұған дейін Сеул, Лондон және Берлин қалаларында өткізілген болатын. Іс-шаралар аясында қазақстандық әдебиет, мәдени алмасу мен ынтымақтастық саласындағы соңғы үрдістерді түсіну, мәдениет пен өнер саласындағы мамандардың ұлттық идеясы шеңберіндегі күш-жігерін біріктіру үшін көптеген жұмыстар атқарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.