Instagram желісінде дыбыстық хабарлама жіберу қызметі іске қосылды

0 0

Instagram әлеуметтік желісін қолданушылар үшін қызықты әрі қажетті жаңалық. Желіде дыбыстық хабарлама жіберу мүмкіндігі пайда болды.

Дыбыстық хабарламалардың ұзақтығы бір минуттан аспайды. Жаңарту iOS және Android пайдаланушылары үшін қолжетімді. Әлеуметтік желінің жаңа мүмкіндігін пайдалану үшін Direct-тағы микрофон белгішесіне басып тұрып, даусыңызды жазсаңыз болғаны. Егер қателескен жағдайда сол бұрыштағы кәрзеңкеге «бағыттау» керек. Хабарлама белгішені жібергенде автоматты түрде жолданады.

Айта кетейік, Instagram әлеуметтік желісін қолданушылар саны маусым айында миллиардқа жеткен болатын. Компания желіге жаңа бағдарламалар жасап, жаңа мүмкіндіктерін көбейтіп келеді.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.