Таразда «Жаңа медиа және болашақ» атты медиа форум өтіп жатыр (ФОТО)

0 1

Дәл қазіргі уақытта Тараз қаласында «Жаңа медиа және болашақ» атты медиа форум өтіп жатыр. Шараны Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлер қатарында «Astana» телеарнасы «Біздің уақыт» бағдарламасының жүргізушісі Жайна Сламбек, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті бас редакторының орынбасары Қамбар Ахметов, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы, «Qazaqstan» телеарнасының жүргізушісі, «Біліммен бөліс» жобасының авторы Нұрмұхамед Байғара бар. Ал медиа форумға белгілі блогер, журналист Өркен Кенжебек модераторлық етуде.

Форумның жұмысын облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли ашып, сәттілік тіледі.

— Бүгінгі «Жаңа медиа және болашақ» атты медиа форумы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отыр. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жақында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жариялаған болатын. Ондағы айтылған мәселелерді халыққа жеткізуде БАҚ рөлі зор. Егерде телевизия көрерменді таңғалдыра алмаса, газет, журнал оқырманды қызықтырмаса, онда бәсекелестік қабілеттің қоғамда төмен дегені. Бүгінгі форум ақпараты таратудың жаңа тәсілдері, әлемдік трендтегі тақырыптардан қалыс қалмау, көрермен мен оқырман тартудың жаңа жолдары айтылатын болады, — деді Берік Уәли.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.