Ғалымдар қарапайым шаңның өлімге әкелер қаупі жайлы айтты

0 0

Шаңның өзі қауіпті емес, бірақ ондағы микроорганизмдер денсаулыққа айтарлықтай орны толмас зиян келтіруі мүмкін, — деп жазады «ZhambylNews» АА Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары микробтармен бірге шаңның құрамында бактерияға қарсы зиянды микроағзаларды өлтіретін триклозан деп аталатын зат болатынын анықтады. Ол микроағзаларды өлтіріп қана қоймай, оларды әртүрлі антибиотиктерге төзімді етеді.

Ғалымдардың пікірінше, триклоссан микроорганизмдердің генетикалық кодын өзгертіп, олардың антибактериалды құралдарды кеңінен қолданып, бейімделуіне мүмкіндік береді.

Зерттеулер көрсеткендей, тренажер залдары мен барларда, кітапханалар немесе жоғары оқу орындарындағы шаңның құрамында міндетті түрде триглозан болады. Ал триглозанға 2016 жылы гигиеналық өнімдерге арналған компонент ретінде тыйым салынған болатын.

Зерттеушілер осындай мутацияның салдарынан қарапайым шаңда кездесетін микроорганизмдердің көпшілігі мүлде емдеуге келмейді деп сендіреді. Ал толық жазылу үшін арнайы терапия жүргізу арқылы, өзгеше ақуыз бөліп, бактериялардың генетикалық құрамын тексеру керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.