Қазақстанда мұғалімдерге дөрекілік танытуға қатысты заң енгізілмек

0 16

Білім министрілігі мұғалімдерді дөрекі сөздерден қорғайтын болады. Министрліктер осыған қатысты арнайы заңмен жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды

Педагогтар артық жұмыстан босатылады. Ал мұғалімге дөрекі сөйлейтін адам айыппұл төлейді.

“Біз педагогтың арын төмендетіп, намысына тиетін дөрекілікке қатысты әкімшілік жауапкершілікті қарастырғымыз келеді. Мұғалімді ары мен намысына тиетін дөрекіліктен қорғаудан бөлек, оның құқықтары мен міндеттерін, тән емес функциялардан қорғанысын қарастырамыз”, — дейді Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердина.

Дөрекі сөздерге салынатын айыппұлдың көлемі әзірге белгісіз. Заңнаманың тұжырымдамасын педагогтармен талқылау керек. Алайда, кез келген қазақстандықтың намысына тиетін сөзді айту құқық бұзушылық болып саналатынын ұмытпаған жөн. Айыппұлдың көлемі 200 мың теңгеден басталып, 400 мың теңгеге жетеді.

Мұғалімдерге ерекше мәртебе беру керектігін бірінші болып Нұрсұлтан Назарбаев айтқан. Елбасы тексеріспен, ортақ жұмыстармен мұғалімдердің мазасын алатын дүниелерге наразылық танытқан еді. Назарбаев мұғалімдер жұмысына қатысы жоқ түрлі шараларға араласумен емес, бала оқытумен айналысу керектігін айтқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.