Аршавин «Қайрат» клубынан кету туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты

0 0

Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин алматылық «Қайрат» клубынан кету және мансабын аяқтау туралы шешімді қалай қабылдағанын айтып берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Tengrinews-ке сілтеме жасап

Айта кетейік, қарашада Аршавин мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. «Қайрат» оның соңғы клубы болды және ол бұл клубта үш маусым ойнады. Ол қаңтардан Санкт-Петербургтағы «Зенит» құрылымындағы жұмысын бастайды.

«Мансабымды Ресейде аяқтаймын деген ой болған емес. Керісінше, оны Қазақстанда аяқтағаныма қуаныштымын, себебі ол жақта керемет үш жылды өткіздім. Англиядан кеткенде футболдан кетуді ойлаған едім. Бұл ойлар «Зенит», кейін «Кубань» клубтарында ойнағанда да болды.

Ерте ме, кеш пе аяқтауыма тура келетінін түсінетінмін. Көпшілік ойнай алғанша ойнау керек, дейтін. Жазда «Қайрат» президентімен кездестік, клубтың болашағын талқыладық. Мен оған орнында болсам мен сияқты адаммен келісімшарт мерзімін ұзартпайтын едім дедім. Құлақ салған сияқты», — деп келтірді Аршавиннің сөзін «Матч-ТВ».

Leave A Reply

Your email address will not be published.