Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

0 4

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «28» желтоқсандағы № 233-Ж/Қ өкімімен Момышев Талғат Амангелдіұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Момышев Талғат Амангелдіұлы 1968 жылы туылған, білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын «бухгалтер-экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Жамбыл стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы директорының орынбасары, «Интерсистема» ЖШС президенті, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас референті, Жамбыл облыстық инвестиция және ішкі экономикалық байланыс комитетінің төрағасы, «Метрология» РМК Алматы филиалының директоры, «Ұлттық акредиттеу орталығы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технология министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келді.

Айта кетейік, тағайындау барысында облыс әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін салалар қайта қаралды. Оның ішінде қаржы, экономика және спорт саласына Талғат Момышев жетекшілік етсе, идеология саласы Бекболат Орынбековке жүктелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.