Мемлекет басшысы Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты

0 1

Елбасы Нұрсұлтан Назарабаев отандық БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алатыны туралы сұраққа жауап берді, -деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бала кезден бұл мерекені ерекше сезіммен күтіп өстік. Өскенде де бұл әдет жоғалмайды. Жаңа жыл қандай да бір құпия, еліктіретін жаңа үміт болып көрінеді.  Қазір де балаларыммен бірге, дәл осындай сезіммен күтемін. Дегенмен, біздің жаңа жылымыз — Наурыз. Мына Жаңа жылды І Петр  Еуропадан әкелген. Орыстардың да Жаңа жылы басқа еді. Міне, сіңіп кетті», — деп күлді Президент.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жылға қуанышты сезіммен бірге алаңдаушылық та бар екенін жасырмады.

«Мен үшін Жаңа жылдың басқа да мағынасы бар. Бірден келесі жылдың кестесін ойластырамын. Біздің кесте тұтас бір жылға жасалады. Әлемдік экономика мен саясат туралы  алаңдаушылық та бар. Толған қарама-қайшылықтар біздің экономика мен өмірімізге қалай әсер етеді? Қазақстан қай ұстанымда қалуы тиіс? Қандай келіссөздер жүргізу керек? Осындай аралас сезіммен қуанышты мерекені күтемін және 12-ден кейін қалыпты өмір басталып кетеді», — деп атап өтті Елбасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.