Отандық танымал актриса жол апатынан көз жұмды

0 8

«Шабдалы» фильмінде рөл сомдаған актриса Шолпан Елгезекова қайтыс болды. Бұл туралы сенімді дереккөз мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Белгілі болғандай, актриса жол апатынан көз жұмған. Оның жанында белгілі ақын  Бақыт Беделханның жұбайы болыпты. Қазіргі уақытта ол ауыр жағдайда жатыр.

Ақтөбе облыстық орыс драма театрының басшысы Бейбіт Саламат Facebook желісінде бұл ақпаратты растады.

Шолпан Елгезекова 1973 жылы 12 наурызда дүниеге келген. Ол – кино және театр актрисасы, «Ра-да» театрының басқарушысы. Ол «Айман-Шолпан», «Жараланған жүректер», «Анашым, мені қалдырма» телехикаялары мен «Шабдалы» фильмінде рөл сомдаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.