Жаңа жыл мерекесінде уланып қалудан қалай сақтануға болады

0 0

Мереке қарсаңында тамақтан уланудың алдын алған жөн. Негізгі қауіпсіздік шаралары туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Алматы облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы айтып берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Мерекелік дастарханға азық-түліктерді сатып алғанда ерекше сақ болған дұрыс. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың көрсетуі бойынша, қауіпті болуы мүмкін азық-түлік қатарында ет өнімдері (18%), сүт өнімдері (17%), кондитерлік өнімдер (7%), құс еті (6%) бар. Үнемі қолды жуып, ас үйдегі тазалыққа ерекше мән беру қажет. Сондай-ақ азық-түлікті сақтау шарттарын бұзбау да маңызды», — дейді департамент басшысы Ерғали Сыдыманов.

Оның айтуынша,  балаларға сыйлық аларда абай болған жөн. Өйткені, департамент жүргізген тексеріс кезінде ойыншықтардың 19%-ы Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сай келмейтіні анықталған. Соның 95%-ы таңбалау талаптарын бұзған, ал тағы біршамасынан улы формальдегид табылған.

Байқамай сапасыз азық-түлік немесе тауарларды сатып алғандар бұл жайлы департаментке хабарласуына болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.