Қазақстанда Жастар жылы басталды

0 1

Аталаған бастаманы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көтерді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Халыққа арнаған соңғы Жолдауында Президент 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Өз сөзінде Мемлекет басшысы жастар мен отбасы институтын қолдау шаралары мемлекеттік саясаттың басымдығына айналу қажеттігін жеткізді.

«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыдан кейін Елбасының Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

Ал отандық БАҚ өкілдерімен болған кездесу кезінде Н.Назарбаев Жастар жылына арналған бағдарламаны қабылдау қажеттігін жеткізді.

«Біз 2019 жылды «Жастар жылы» деп жарияладық. Ол турасында арнайы бағдарлама қабылдау керек. Жастарға не керек — бірінші білім, екіншіден үйленетін болса үй-жай қажет. Жағдай жасалып, жұмыс берілуі тиіс. Төрт нәрсе. Содан кейін бізде «Ауыл — ел бесігі», «Жасыл ел», «Патриоттық сарбаз» деген бағдарлама бар. Оларға арнайы жағдай жасап, жастардың қабілетін көтеруіміз керек. Әсіресе, жасалып жатқан шаруаны, Қазақстанның Тәуелсіздігін (жастар — авт.) қадірлейтін болар деп ойлаймын. Соған сенемін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.