Таразда жаңадан салынып жатқан «Достык life» спорт кешенінің бір бөлігі өртеніп кетті

0 2

Таразда жаңадан салынып жатқан «Достык life» спорт кешенінің бір бөлігі өртеніп кетті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт екінші қаңтар күні орын алған.

«Тараз қаласы, Тәуке хан көшесінде жаңадан салынып жатқан «Достык life» бөлек тұрған доғал тәріздес кіші футболға арналған бір қабатты спорт кешенінің (биіктігі 12 м) ғимараттың профнастилмен  қапталған  сыртқы қабырғасының өртенуі болды. Өрт сағат 12:07 басталған. Жалын 12:36-да оқшауланып, сағат 13:04-те ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ (9 қызметкер, 3 бірлік тех.) күшімен толық сөндірілді» — делінген хабарламада.

Жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамағандықтан болып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.