Жамбыл облысында коммуналдық тарифтер төмендетіліп жатыр

0 3

Жамбыл облысында коммуналдық тарифтер төмендетіліп жатыр. Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ерболат Дүйсембиев, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаровтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында мәлім болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлердің айтуынша, тарифтерді төмендету жөнінде берілген тапсырмалар бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде тауарлық газ тарифі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан тауарлы газдың шекті бағасы Жамбыл облысына 11,4%-ға немесе 21,1 теңгеден 18,7 теңгеге төмендетілген болатын.

Сонымен қатар, тауарлы газды тасымалдау қызметі де 25%-ға төмендетілді, яғни 1,0 м3 үшін 8,5 мың теңгеден 6,4 мың теңгеге. Нәтижесінде, тұрғындар үшін тауарлы газдың бөлшек сатылымдағы бағасы 1,0 м3 үшін 6,3%-ға немесе 27,2 теңгеден 25,5 теңгеге төмендетілді.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Жамбыл ГРЭС» АҚ-мен өндіретін электр энергиясының тарифі 14%-ға немесе 9,5 теңгеден 8,1 теңгеге дейін және «Таразэнергоорталық» (ТЭЦ-4) 19%-ға немесе 11 теңгеден 8,7 теңгеге төмендетілді.

Электр энергиясын тасымалдайтын «ЖамбылЭлектрЖүйесі» мекемесінің тарифін 1-қаңтардан бастап 1,07%-ға төмендету бойынша келіп түскен ұсынысы қаралуда. Нәтижесінде, қолданыстағы тариф 5,62 теңгеден болжаммен 5,56 теңгеге төмендейді.

Электр энергиясын жабдықтайтын «ЖамбылЖарықСауда» мекемесінің тарифі 3,9%-ға дейін төмендету қаралуда. Нәтижесінде тұрғындарға арналған қолданыстағы тариф 15 теңгеден болжаммен 14 теңгеге төмендейді.

Сәйкесінше, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның жылу қуатының тарифі тұрғындар үшін 11,4%-ға төмендетілді, немесе:

* есептеу құралдары бар тұтынушыларға 1 Гкал үшін 1694 теңгеден 1502 теңгеге.

* есептеу аспаптары жоқтарға 3688 теңгеден 3267 теңгеге төмендетілді.

Шу қаласы «Шу Жылу» мекемесінің жылумен жабдықтау тарифі 8,4%-ға төмендетілді, немесе:

* есептеу құралдары бар тұрғындарға 1 Гкал үшін үшін 2254 теңгеден 2063 теңгеге

* есептеу құралдары жоқ тұрғындарға 3130 теңгеден 2866 теңгеге.

Қаратау қаласы «Игілік» мекемесінің жылумен жабдықтау тарифі 7,6 %-ға төмендетіледі, оның ішінде:

* есептеу құралдары бар тұрғындар үшін 1997 теңгеден 1845 теңгеге

* есептеу құралдары жоқ тұрғындарға 2392 теңгеден 2210 теңгеге

Ал ауыз сумен қамту саласында ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап, тұрғындар үшін 1 м3 суық су бағасы 21,9%-ға төмендеген немесе 52,3 теңгеден — 40,8 теңгені құрады;

* кәріз қызметі 0,4%-ға төмендеп, 16,4 теңгеден 16,3 теңгені құрады.

Шу қаласындағы «Теміржолсу Шу» мекемесі бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету қызметінің тарифі 3,2%-ға немесе 30,2 теңгеден 29,2 теңгеге төмендеді.

Пәтер иелерінің коперативтері, тұрмыстық қатты қалдықтар және лифт қызметтері тарифі бойынша тұрғын үй коперативтері қызметінің тарифі 1 қаңтардан бастап 20%-ға немесе 15 теңгеден 12 теңгеге төмендетілді.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифі — 5%-ға, яғни бір адамға 100 теңгеден 94,5 теңгеге төмендетілді.

Лифт қызметі бойынша тариф 7,1%-ға төмендетіледі, 1 пәтер үшін 770 теңгеден 715 теңгеге түсті.

Тараз қаласында 29 үй оның ішінде ақылы пайдаланылатын 4 үй «Атшабар» және «Дәмдес отау».

Көмір бойынша бүгінге тұрғындарға қажетті 333 мың тонна көмірдің дайындалғаны 100%, оның ішінде сатып алынғаны 304,7 мың тоннаны құрайды, қалған 28,3 мың тоннасы көмір сату орындарында. Үкімет отырысында берген тапсырмаға сәйкес, шұғыл түрде облыста көмір сатумен айналысатын 8 кәсіпкер іріктеліп (ЖК «Құрбанов», «Галиаскарова», «Машанло», «Хиншанло», «Абиш», «Алиев», «Иманалиев», «Алем Комир») «Шұбаркөл көмір» АҚ және «Қаражыра» көмір бағасын төмендету бағытында кәсіпкерлермен үш жақты Меморандум жасалынды.

Бүгінгі таңда аталған тупиктерде «Шұбаркөл» көмірін босату бағасы 12 300 теңге, ал «Қаражыра» көмірінің төмен сападағы көмірі

12 000 теңге, байытылған сапалы көмірі 15 500 теңгеден сатылуда, тұрғындар тарапынан әлеуметтік шиеленіс тудыратын жағдай орын алған жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.