Қазақстанда сексеуіл кесуге тыйым салу мерзімі 5 жылға ұзарды

0 14

Елімізде сексеуіл кесуге тыйым салу мерзімі тағы 5 жылға ұзарды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін мұндай шектеу еліміздің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығы негізінде 2015 жылдан 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізілген болатын. Осындай табиғатты қорғау шаралары негізінде аймақта сексеуілдің шығымы жақсарды. Бүгінде Сыр өңіріндегі орманды жерлердің 87 пайызында шөлге шыдамды ағаштың осы түрі өседі. Айта кетейік, «Ормандарды сақтау және республиканың орманды жерлерін көбейту» жобасы аясында 2008-2014 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 57 мың гектардан астам сексеуіл, сарсазан тәрізді, шөлге, сортаң топыраққа бейімді ағаш-бұта түрлері отырғызылды. Биыл тағы 10 мың гектар теңіз ұлтанына сексеуіл егілмек.

Айбек Жолақанов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

– 2018 жылы осы күнге дейін сексеуіл екпелерін заңсыз кесудің 49 дерегі тіркелді.1 азаматқа 10 АЕК, 3 азаматқа 20 АЕК, 5 азаматқа 25 АЕК, 1 азаматқа 30 АЕК айыппұл салынып, 3 азамат 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, 2 азамат 1 жылдан бас бостандығынан шектеуге жазаланды. Соттың шешімімен 25 сотталушы табиғатқа келтірген шығынды өндіртуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.