Қаңтар айында елімізде ауа райы қандай болады?

0 1

Қаңтар айында республиканың басым бөлігінде ауа райы жылы болады. Бұл туралы  «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1°С жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын күтіледі.

Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан аз күтіледі.

Бірінші онкүндіктің басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағанасы түнде 25…30, кей жерлерде 35 дейін аяз, күндіз 15…20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді.

Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары шығатын болады және фронтальдық бөліктердің өтуімен жылы жауын-шашынмен ауа райы болжанады.

Ауа температурасы түнде 2…7, кей жерлерде 12 градусқа дейін аяз, күндіз 0…5 жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аязды құрайды.

Осы айдың ішінде жылы ауа массасының жиі шығуына және фронтальдық бөліктердің өтуімен республиканың үлкен бөлігінде жылы және жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Тек бірінші және үшінші онкүндіктің басында кезекті ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Айта кетейік, синоптиктер синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам өзгерістерге ұшырауы мүмкін екендігін айтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.