Қазақстанның сыртқы қарызы 3 млрд долларға азайды

0 0

Қазақстанның сыртқы қарызы 2018 жылдың 1 қазанында 161,5 млрд долларды құрады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк мәліметі бойынша, сыртқы қарыз құрылымында баяғысынша фирмааралық қарыз үлкен бөлікті алып отыр – 63,7%, 25,7% — байланысты емес кредиторлар алдындағы басқа секторлардың сыртқы қарызы.

Сондай-ақ, 7,1% мемлекеттік қарыз (Үкімет пен Ұлттық банк), 3,5% — банк секторының сыртқы міндеттемелері болып отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттік сыртқы қарыз Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарын өтеу және оларға деген шетелдік инвесторлардың сұранысы қысқаруы есебінен 452,9 млн долларға азайды.

Бұған қоса, банктердің сыртқы міндеттемелері Қытайдың Экспорттық-импорттық банкімен берілген несиелерді жоспарлы өтеу нәтижесінде 368,2 млн долларға қысқарды.

2018 жылдың ІІІ тоқсанында елдің сыртқы қарызы экономиканың барлық секторлары есебінен 3 млрд долларға қысқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.