Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі желтоқсанда 26 440 теңге болды

0 0

Қазақстанда 2018 жылдың желтоқсан айында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 440 теңгені құрады. Бұл өткен айдағыдан 1,3 % аз (қараша айында — 26 108 теңге), — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Негізгі азық-түлік өнімдерінің ең аз нормалары бойынша есептелген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің жан басына шаққандағы орташа мөлшері 2018 жылғы желтоқсан айында 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,3 % артқан.

Өткен айда ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында: ет пен балыққа шығындардың — 20,5%, сүт, май өнімдері және жұмыртқаға — 16,3%, көкөністер мен жемістерге — 8,3%, нан өнімдері мен жарма өнімдеріне — 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерге — 2,3% жұмсалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.