Қазақстан бензин экспорты бойынша Өзбекстанмен келіссөз жүргізеді

0 3

Қазақстан бензин экспорты бойынша Өзбекстанмен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Интерфаксқа берген сұхбатында Ауғанстан мен Тәжікстан нарығына да қызығушылық басым екенін айтты.

Естеріңізде болса, қазан айында Қазақстан мен Ресей елімізден бензин тасымалдауға рұқсат беретін хаттамаға қол қойған еді. Соған сай «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Данияр Тиесов 2019 жылы 1,2 млн тонна жанармай экспортқа шығатынын мәлімдеген. Айта кетейік, қазір елімізде үш ірі мұнай өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр.

Дереккөз: Atameken Business

Leave A Reply

Your email address will not be published.