Шынайы қуанудың 30 белгісі

0 0

Шынайы қуанудың 30 белгісі

1. Таңертең ұйқыдан көз ашқанда, алдымен өмірге қуаныңыз. Ол Сізге бүгін тағы да бір мүмкіндік берді. Ол сізге тағы да бір мүмкіндік сыйлайды…

2. Біреулер жеңілдің үстін, ауырдың астын таңдап жатқанда, Сіз дұрыс жолға таңдау жасаңыз. Бастысы, сіздің таңдауыңыз!

3. Бел байлаған ісіңізге белсенділікпен кірісіңіз.

4. Таңдау мүмкіндігі туындағанда, Өміріңізге жақын тұстарын ескеріңіз.

5. Жеке басыңызға қатысты маңызды істе батылдық танытыңыз. Тек қана алға!

6. Егер алда-жалда бір істің ақыры көрінбесе, одан шыдамаңыз таусылып жатса, ұмыта көрмеңіз, Сіз жетістіктіктің табалдырығында тұрсыз.

7. Бір басыңызда мыңдаған іс болса, бағыттан таймайтыныңызға сенімді болыңыз.

8. Бір күні болмасын, қиын проблема шыға қалса, жауап беруге асығыңыз.

9. Егер қателік жасап жатсаңыз, оған еш өкінбеңіз, жай ғана сабақ алыңыз.

10. Айтар сөзіңіз болса, міндетті түрде айтуға тырысыңыз.

11. Бәрі бір күні өзгермек…

12. Басыңызға күмән келіп орнағанда, өз мүмкіндіктеріңізге күдік танытпаңыз.

13. Көзқарас тұрғысында біреуден жеңіліп тұрсаңыз, талас қылмаңыз және тың ойларға жол ашыңыз.

14. Біреулер не олай, не былай деп жатқанда, бастапқы көзқарасыңыздан ауытқымаңыз.

15. Басыңызды қайғы ауыртып жатса, бір жымиюға күш-жігер табыңыз.

16. Кеңсе ішінде көңілге сабырсыздық орнаса, онда жай ғана сыртқа шығып, көшенің таза ауасын жұтып қайтыңыз.

17. Кез келген сәтте күтпеген нәрсе орын алуы мүмкін, сол тұста икем мен бейімділік танытыңыз.

18. Кез келген нәрсе құнсыз болып көрінуі мүмкін, сол тұста сұрақ қойып, жауап таба біліңіз.

19. Алда-жалда біреу жүрегіңізді ауыртар болса, жай ғана қоштасуға дайын болыңыз.

20. Арадағы қарым-қатынас Сіздің жаныңызға тікен қадап жүрген болса, онда қош айтысыңыз.

21. Егер сізге қажетті бір нәрсе біреуден табылып жатса, ол үшін қуаныңыз.

22. Барлығы бір-бірімен бәсекелесіп жатқан кезде, олармен жарысып әуре болмаңыз. Жеке рекордтарыңызды бұзыңыз.

23. Айналадағы адамдардан қысым көріп жатсаңыз, жай ғана өз-өзіңізбен қалыңыз.

24. Өзіңізге күмәнданған тұста шынайылық танытыңыз.

25. Көшеде бейтаныс адамды көргенде, жүрегіңіз ауырмасын. Ол деген ауыр нәрсе ғой, жай ғана күліп қоя салыңыз.

26. Әлем биігіне шыққаныңызды сезінген тұста өзгелерге қол ұшын созатын жан болыңыз.

27. Сізге зәру, көмек қажет жақынға еш аяусыз көмек қылыңыз.

28. Егер сіз біреу-міреуді жан тәніңізбен жақсы көрер болсаңыз, онда сөз бен істе бірдей танытыңыз.

29. Демалыс уақыты келгенде, жаныңызға ең жақын ғана адамдарды алып шығыңыз.

30. Бүгінгі күніңіз бітуге таяған тұста, ертеңгі күніңіздің бүгінгіден де жарқын боларына сенімді болыңыз. Бәрі де қайтадан жалғасын табады.

Дереккөз: Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.