Елімізде 143 жыл «өмір сүрген» әйел тұрады

0 0

Паспорт бөлімі қызметкерлерінің қателігінен банктер 43 жастағы қарағандылықтың зейнетақы аударымдарын қабылдамай жатыр. Қарағандының қырық үш жастағы тұрғыны Наталья Шубичук паспорт бөлімі қызметкерлерінің бұрынғы қателігінен деректер базасына 143 жастағы зейнеткер ретінде еніп кеткен.  

Мамандар туған жылы деген бағанға 1975 жыл деудің орнына 1875 жыл деп көрсеткен, — деп хабарлады «31 арна«.

Әйел ол кезде қате санды дер кезінде байқап, куәлігін ауыстырып алған. Дегенмен, қарағандылықтың көптеген жылдан кейін аталған оқиғаны есіне түсіруіне тура келген. Өткен жылы көктемде қазақстандық банктер оның зейнетақы аударымдарын қабылдауды тоқтатқан. Терминалдарда қызметкердің зейнеткерлік жасқа жеткендігі туралы хабарлама шығатын болған.

«Мен жеке кәсіпкермін, салық органдарынан зейнетақы бойынша борыштарым бар екені жайлы хабарлама келіп жүр. Төлемесем айыппұл салынады ғой», — деп шағымданды Наталья Шубичук.

Көші-қон қызметі басқармасы және халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері деректер базасында дұрыс ақпарат көрсетілгенін және тиісті төлемдер лайықты түрде өтуі тиіс екенін атап өтіп, әйелге екінші деңгейлі банктермен хабарласуға кеңес берген.

Қазақстандық банктер Наталья Шубичукке әзірге жауап берген жоқ, деп атап өтті телеарна.

Leave A Reply

Your email address will not be published.