Облыста «Ашық білім басқармасы» күндері өтеді

0 3

Облыстық білім басқармасы ағымдағы жылдың 8-15 күндері аралығында аудандар мен Тараз қаласында «Ашық білім басқармасы» күндері өтетінін хабарлайды, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Акция аясында білім басқармасының басшысы және орынбасарлары, бөлім басшылары педагогтармен, ата-аналармен кездесу өткізіп, білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

Аталмыш шара кестеге сәкес, 8-қаңтар күні Жамбыл ауданында, 9-қаңтар – Сарысу, Талас, Мойынқұм аудандарында, 10-қаңтар – Шу, Қордай аудандарында, 11-қаңтар – Байзақ, Жуалы аудандарындары мен Тараз қаласында, 15-қаңтар – Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.