LG қағаз сияқты бүктелетін теледидар ойлап тапты (ВИДЕО)

0 0

Өндірушінің айтуынша, мұндай теледидар 50 мың рет бүктеле алады. LG компаниясы CES көрмесінде қағаз сияқты бүктелетін теледидарды таныстырды, деп хабарлайды The Verge.

Былтыр өндіруші теледидардың прототипін көрсетсе, енді толыққанды нұсқасын халық назарына ұсынып отыр. Теледидар арнайы батырмасын басқанда бүктетіліп, жиналып қалады да, сол батырма арқылы қайта жазылады. Компания мәліметіне сүйенсек, бұл процесс кезінде ешқандай дыбыс шықпайды екен.

Сонымен қатар, теледидар экранын 3/4 бөлікке жинапқоюға болады, сол кезде қолданушы басқару панелі арқылы музыка қоса алады немесе ақылды үй құрылғыларын пайдаланады.

Өндіруші конструкцияның берік екеніне сенімді, өйткені теледидар 50 мың рет бүктетіле алады. Мұндай көгілдір экрандар сатылымға 2019 жылдың көктемінде шығады, бірақ бағасы туралы әлі айтылмапты.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.