Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс 41-ші сессиясы өтті

0 1

Бүгін Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс 41-ші сессиясы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі – депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату.  Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған мәселе бойынша, халық қалаулылары Фархад Қасымов автоматты түрде, ал Арын Асқарбеков басқа қызметке ауысуына байланысты депутаттық мансабынан босатылды. Мәслихат сессиясының күн тәртібіне қойылған келесі мәселе — Тараз қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін қалыптастыру жөнінде болды. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Осыған орай, мәслихатқа партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден Тараз қалалық аумақтық комиссиясына және 117 учаскелік сайлау комиссияларына барлығы 1088 кандидат ұсынылған. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, сессияның бекітілуіне жолданып отыр.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.