Таразда тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті

0 4

2019 жылдың 5-9 қаңтар аралығында Тараз қаласындағы «Гамбит» шахмат клубында тоғызқұмалақтан Жамбыл облысының ерлер мен әйелдер арасындағы командалық чемпионаты өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған жарысқа Тараз қаласы мен облыс аудандардарынан 9 командадан, барлығы 84 спортшы қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте ерлер арасында Тараз қаласы І орын, Меркі ауданы ІІ орынды иемденсе, сарысулықтар ІІІ орынды қанағат тұтты. Ал әйелдер арасынан Т.Рысқұлов ауданы І орын алса, ІІ орын Меркі ауданына бұйырды. Қордайлықтар ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.