Елімізде жүргізуші куәлігін алу қиындауы мүмкін

0 1

Қазақстанда жол апатынан қаза тапқандардың саны азаймай тұр. Осы жағдайға байланысты депутаттар жүргізуші куәлігін беру тәртібі мен емтиханды қатаңдатуды талап етіп отыр. Сондықтан алдағы уақытта аталған құжатты алу қиындауы мүмкін, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық депутаттар Ішкі істер министрлігінен жүргізуші куәлігінің берілу тәртібі мен оны алу үшін тапсырылатын емтиханды қатаңдатуды талап етті.

Мәжіліс депутаты Павел Казанцевтің мәліметінше, ел тәуелсіздігін алғаннан бері 28 жыл ішінде 82 мың адам жол апатынан мерт болған.

«Қазақстанда бейбіт күнде адамдар тура соғыс кездегідей қырылып жатыр. Оны Ауғанстандағы қанды қырғыннан жапа шеккендермен салыстыруға болады. Мәселен, былтыр жол апатынан 32 мыңнан астам адам қаза тапты. 20 мың 445 жан мүгедек болып қалды», – дейді депутат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.