Республикалық «Nurintech» инновациялық жобалар байқауында жамбылдық жас өнертапқыш жеңімпаз атанды

0 1

«Нұр Отан» партиясының «Nurintech» республикалық жастар инновациялық жобалар байқауына Жамбыл облысының атынан қатысушысы Дәулет Егембердиев «Жас ғалым» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, жалпы жас өнертапқыштар байқауының жүлде қоры 5 млн теңгені құрады. Шараға қатысуға мыңнан астам жас өтініш түскен. Оның отызы шешуші сынға жолдама алды. Комиссия мүшелері экология, робот техникасы, баламалы қуат көздері, IT, медицина, фармацевтика, жол қозғалысының қауіпсіздігі салаларындағы жобаларды  үздік деп таныды.

Әулиеаталық жерлесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.