Жамбылдық құтқарушылар қыс мерзіміндегі сақтық шараларына жан-жақты тоқталды

0 0

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 18-нен 19-на қараған түні провославтық әлемі «Крещения Господня» немесе «Богоявления» мейрамын атап өтеді. Осы орайда, Жамбыл облысы ТЖД базасында қыс мерзімінің ахуалды өзекті сұрақтары бойынша брифинг өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Аталған іс-шараға ТЖД қызметкерлері ғана емес «Жедел-құтқару жасағы» ММ, «Қазселденқорғау» ММ, Тараз қаласы ТЖ басқармасының басшылары, «Успения Божьей матери» шіркеуінің жетекшісі протоерей Георгий қатысты.

Жиын барысында, халықты оқыту және жылыту маусымы кезінде алдын алу, әуесқой-балықшылар қыс мерзімінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау, «101» және «112» арнайы нөмерлерге қоңыраулардың келіп түсуі, сондай-ақ, «Крещение Господня» мерекесінде дәстүрлі шомылу жөнінде өзекті тақырыптар талқыланды.

Спикерлердің қыс мерзімінде қарапайым ережелерді сақтау, жеке құрамның күшейтілген түріне ауыстыру, жылыту құралдарын пайдалану жөнінде тұрғын үй аулаларын аралау, балалардың отпен ойнау қауіптілігі, «101» және «112» арнайы нөмерлеріне қатысты емес қоңыраулардың статистикасына тоқталды.

Сонымен қатар, «Успения Божьей матери» шіркеуінің жетекшісі протоерей Георгий «Крещение Господня» немесе «Богоявление» мерекесінің тарихын айтып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.