Таразда көпқабатты үйде газ жарылып, екі азамат ауруханаға түсті

0 2

Тараз қаласында көпқабатты үйде газ жарылып, екі азамат ауруханаға түсті. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні сағат 21:58-де Тараз қаласы, 7 м/а., №6-шы үй, бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан екі бөлмелі пәтерде газ плитадан газ шығып, газ ауа қосындысының жарылысы болды, өртенусіз. Салдарынан ас бөлменің және қонақ бөлмелерінің әйнектері қираған. 1974 ж.т. және 1984 ж.т. азаматтар күйік алып ауруханаға түсті» — делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқиға орнында ТЖД (16 қызметкер, 5 техника), ЖТТ (4 қызметкер, 1 техника) көмек көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.