Республикалық олимпиададан облыстың 28 педагогі жеңімпаз атанды

0 5

Ағымдағы жылдың 7-9 қаңтар аралығында Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиадасы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Олимпиаданың мақсаты – бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.

Осы орайда, «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында өткен байқауға Жамбыл облысынан 52 бастауыш сынып мұғалімі қатысып, оның 28-і жеңімпаз атанды.

Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.