Таразда Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды

0 5

Ұлттық ұланның 27 жылдығына орай Тараздағы әскери бөлім өкілдері мерекелік салтанатты жиын өткізді. Еңбегі еленген әскери қызметшілер мен ерлік жасаған сарбаздар марапатталды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Құқықтық тәртіп әскері – мемлекетіміздің ішкі қауіпсіздігінің қалқаны. 27 жыл ұландықтар өздеріне жүктелген міндеттерді толықтай орындап келеді. Тізбектесек, тек 2018 жылдың есебі бойынша 622 қылмыстың беті ашылған. Қызмет жолында еңбегі еленгендер осы кеште марапатталды.

Әскер қатарында жүріп, батырлық танытқандар да ерекшеленді. Жігіттер шапшаң қимылының  нәтижесінде ұрыны құрықтап, жәбірленушіге құнды заттарын қайтаруына үлесін қосқан. Бір бұл емес, ішкі істер департаментінің арнайы наградалары мен демалыс жарияланған.

Ұлтты ортақ игілікке ұйыту, ел бірлігін сақтау, тыныштықты қамдау, Отанға адал қызмет ету  әрбір ұландықтың ұранына айналған деген сала ардагерлері өз ойларымен бөлісті.

Мерекелік кеш соңы арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен түйінделді.

Айта кетейік, қауіпсіздіктің қалқаны, егемен еліміздің қорғаны Ұлттық ұланның құрылғанына биыл 27 жыл.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.