Тағдырларды өзгерткен туындылар

0
5

Шын мәнінде жақсы кітап өз оқырманын өзгерте алады. Кіріспесін басқа адам ашса, қорытындысын мүлде басқа адам аяқтауы мүмкін. Біреулер үшін кітап оқу басқа көзқарас, жаңа идеялар мен ғажап көңіл-күй сыйласа, төмендегі кейіпкерлердің өмірін бір ғана кітап түбегейлі өзгерткен. Олардың әңгімесінен жақсы кітаптың жүректен орын алып, жанды емдейтін қасиеті бар екенін анық байқай аласыз. 

  • “Алхимик”, Пауло Коэльо

“Мен оны теңдессіз туынды дей алмас едім, дегенмен ол менің өмірімді біржолата өзгертті. Мен оны оқып бастағанда жоғарғы сынып оқушысы едім, өзім нақты білмейтін колледжге тапсыруды ойлап жүргенмін. “Алхимикті” оқығаннан кейін Ауғанстанға баруға, көшпенді өмір салтына деген қызығушылығым артты. Батыстың күйбең өмірі мен қызықсыз күндерінен алыс өмір сүргім келді. Кітаптан кейінгі әсерім болашақ армандарыма бастама болды. Міне, бірнеше жыл өткеннен кейін мен өз елімнен кеттім. Осылайша, жаңа өмірге қадам бастым”Andrew Horn

  • “Иван Ильичтің өлімі”, Лев Толстой

“Менің жаңа өмірім өлім туралы повесттен кейін басталды. Онда өз өлімі келгенге дейін өміріне риза болып өткен Иван Ильичтің оқиғасы баяндалады. Кітапты оқып біткеннен кейін мына бір ақиқат ойыма оралды: “Өзін жоғалтқан адамның әлемді билегенінен пайда бар ма?”. Мен айнаға қарадым да, егер мен Иван секілді өмір сүрсем, Иван секілді өлетінімді де түсіндім. 2 күннен кейін жұмысымды тастап, туған қалама оралдым. Туыстарымның күлкіге айналдырғанына қарамастан, қайтадан білім алуға кірістім. Мен оқуымды аяқтауды қатты армандаған едім.” Rudra

  • “Процессорды бағдарламалау 8088”, Л. Дао

“Бұл оқиға 1984 жылы болған. Дәл сол жылы дербес компьютерлер дүниеге келген еді. Мені жаңа технологиялар баурап алды. Бірақ ол туралы бізге мектепте ешкім ештеңе айтпайтын. Сол кезде ағам мені өзі оқитын университеттің кітапханасына апарды. Ол жерде осы кітапты таптым. 800 беттік көлемді шығармаға 6 ай бойы әрбір демалысымды арнадым. Ал, қазір мен жоғары дәрежелі инженер-бағдарламашы маман атандым”. Philippe Roy

  • “Көбелек”, Кэтрин Харви

“Бұл кітапты сонау 1990 жылы әуежайдан рейс уақытын күтуде зерікпес үшін сатып алған едім. Мен одан көп ештеңе күтпедім. Дегенмен ол менің жеке киелі кітабыма айналды. Менің көңіл-күйім нашар болса, өзімді жайсыз сезінсем, осы кітапты оқып шығам да, ерекше энергия аламын. Маған сан мәрте көмектескен кітаптың мұқабасы тозып кетті. Бірақ мен үшін оның орны бөлек”. Martha Lancaster

  • “Рамзес”, Кристиан Жак

” “Рамзесті” талантты египтолог Кристиан Жак жазған. Ол өз романдарында Рамзесті қайта тірілтіп, оқырманға перғаундар әлеміне бойлауға мүмкіндік береді. Кітаптың тартымды тұсы тарихи шындығында еді. Сол арқылы менің тарихқа деген құлшынысым артты. Мен египтолог-тарихшы болғым келді. Кейінірек классикалық филологияға аңсарым ауды. Мұның бәрі Жактың оқиғасынан басталды.” Staroslav Nejc

  • “Гарри Поттер”, Джоан Роулинг 

“Мен бұл кітаптарды 16 жасымда оқи бастадым. Соның арқасында бүгінде жақын достарыма айналған адамдармен таныстым. Кітап менің өзіме деген көзқарасымды өзгертті. Мен әрдайым бөлектеніп, ортамнан оқшауланып жүретінмін. Осы кітаптан кейін өзгеше болудың қалыпты жағдай екенін түсіндім”.  Eme Walker

  • “Үш жолдас”, Эрих Мария Ремарк

“14 жасымнан бері ол менің сүйікті кітабыма айналды. Мен оны әр жыл сайын қараша айында оқып тұрамын. Осы кітап мені бірнеше жыл жай ғана досым санап келген қызбен жақындастырды. Міне, енді 10 жылдан бері ол менің сүйікті жарыма, балаларымның аяулы анасына айналды”. Victor Shepelev

  • “Уолден немесе Ормандағы өмір”, Генри Дэвид Торо

“Кітапта 2 жыл өркениеттен жырақ, жалғыз өмір сүрген жазушының тәжірибесі туралы баяндалады. Осы кітаптан кейін мен үй тұрғызғым келді. Өз ауламда өскен 4 ағашты шауып, араны жалға алдым. Ескі мектептен тегін терезе алып, бұрынғы үйімнің жиһаздарын орнаттым. Мұның бәріне 1000 доллардан да аз қаражат жұмсадым”. Joseph Skinkis

Дереккөз: Qamshy.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here