Бокстан ұлттық құраманың капитаны сайланды

0
7

Бокстан Қазақстан ұлттық ерлер құрамасы жаңа жаттықтырушы Ғалымбек Кенжебаев шақыруымен алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Сондай-ақ команданың капитаны тағайындалды.

Ауыр салмақта жұдырықтасатын боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ұлттық құраманың капитаны болып сайланды, – деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты.

– Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Өзге боксшылар мен спортшыларға үлгі бола білуім керек. Жаңа жылдан бастап құрамаға жас боксшылар қосылды. Бас жаттықтырушы да ауысты. Бірге алға жылжып, қазақ елінің намысын абыроймен қорғауға күш саламыз, – дейді Қамшыбек.

Айта кетейік, осыған дейін ұлттық құраманың капитаны Әділбек Ниязымбетов  болған. Боксшы өткен жылы спорттағы мансабын аяқтады.

Дереккөз: Massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here