Керітартпа пікірлер

0
32

Бір жұмыс бастау немесе бір курсқа қатысу секілді жаңа нәрсе жасамақ болған кезде, «бұл ісіңнің келешегі жоқ», «мұныңнан түк шықпайды», «істейтін басқа тірлігің жоқ па?» дейтін адамдар табылады.

Ой-пікіріңізді, жоспарыңызды бар-ынтаңызбен айтқаныңызда басын шайқап болымсыз жауап айтып, бір-екі сөзбен үмітіңді сөндіріп, ынта-жігеріңді су сепкендей басатындар бар. «Жақсы бір бизнес жоба әзірледім» дегенде «Өй, бұл істің алпауыттары саған нан жегізбес», «Дүкен ашсам, саудамен айналыссам деп едім» – «Қазір дағдарыс, бір-екі айда тақырға отырасың», «Мемлекеттік қызметке барамын» – «Жоғарыда көкең болмаса өспейсің»… деген сияқты керітартпа пікірлер адамдарда дайын тұрады.

Өмірде мұндай кері тарпа әңгімелер болатыны қалыпты нәрсе. Маңызды болғаны барлық қауіп-қатерді ескере отырып, сенімді, батыл әрекет ету және болымсыз әңгімелерді елемеу.

Төменде тарихтағы еленбей қалған керітартпа пікірлерден бірнеше мысал:

● «Жылқы әрдайым қолданыста болады. Автокөлік жай өткінші мода.» Генри Фордтың кредит сұрап барғандағы банк директорының жауабы. (1903 ж.)

● «Өте әдемі өнертабысқа ұқсайды, бірақ мұны кім, не үшін қолдануы мүмкін?» Ратерфорд Бёрчард Хейс – АҚШ президенті 1876 жылы алғаш рет телефонды көрген кезіндегі айтқан пікірі.

● «Радионың келешегі жоқ» Лорд Кельвин Шотландиялық физик ғалым.

● «Әртістердің даусын кім естігісі келеді дейсің?» Фильм индустриясының жетекшісі Гарри Уорнердің жаңа табылған дыбысты фильм турасындағы пікірі. (1927 ж.)

● «Интернет 1996 жылы толығымен құлдырайды.» Интернетті ашқандардың бірі Роберт Меткалф. (1900 ж.)

● «Теледидар 6 ай ішінде нарықтан жойылады. Адамдар күнде кешкісін мұндай қорапқа қарап отыруды қаламайды.» Дэррил Занук “Twentieth Century Fox” негзін қалаушысы. 1944 ж.

Дереккөз: Bilim All

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here