Атамқұлов Ресей сыртқы істер министрімен сөйлесті

0
7

Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері Бейбіт Атамқұлов пен Сергей Лавров телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы “ZhambylNews” АА ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  хабарлайды.

Министрлер екіжақты форматтағы және көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сұхбаттастар Қазақстан-Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин өткізіп жатқан бағдарын іске асырудағы бірлескен жұмысын жалғастыруға дайындығын білдірді.

Сұхбат барысында Қазақстан-Ресей өзара әрекеттесудің бірқатар өзекті тақырыптары мен алдағы кездесулердің кестесі талқыланды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here