Microsoft Windows 7 бағдарламасына бақылауын тоқтатады

0 1

Microsoft корпорациясы 2020 жылдың қаңтар айында Windows 7 бағдарламасына бақылауын тоқтататыны жайлы хабарлады. Яки келер жылдан бастап бұл бағдарламаға жаңарту жасалмайды.

Корпорация бағдарламаға бақылауын тоқтатқанмен, қолданушылар пайдалана береді. Бірақ жүйеге жаңа вирустар еніп, жұмысы ауырлауы мүмкін. Сондықтан да корпорация Windows 10 бағдарламасына өтуді ұсынады.

NetMarketShare ақпараты бойынша, Windows 7 Microsoft корпорациясы ұсынған ең танымал бағдарламалар тізімінде екінші орында тұр. Бұл бағдарлама 37% компьютер мен ноутбуктерге орнатылған. Ал бірінші орында — Windows 10. Оны қазіргі таңда 39% компьютер мен ноутбук қолданушылар орнатқан.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.