Миллиардтан біреу: Үш қабатты мектепте жалғыз ғана оқушы оқиды

0 1

Бүгінде Қытайға қатысты қандай дерек естісек те, оңайшылықпен таңдана қоймайтын хәлге жеттік. Алайда, жергілікті HAP/Quirky China News/REX атты қытайдың ақпараттық сайтының тілшілері «әлемдегі ең қатты жалғызсырайтын» оқушы туралы фоторепортаж жасаған екен.

қытай оқушысы

Алғашқыда мектеп партасында бар зейінін тақтадағы жазуға аударған Ху Янг кәдімгі мектеп оқушысы сияқты көрінеді. Дегенмен, ол — Қытайдың Фуцзянь провинциясындағы шағын ауылдың бастауыш мектебіндегі жалғыз ғана оқушысы. 2005 жылы мектеп ашылғанда 24 сынып болған. Үш қабатты оқу орны бүгінде тек бір оқушыны оқытып жатыр. Ал Ху екі мұғалімнен сабақ алады. Миллиардтаған халқы бар Қытай үшін мұндай жайт адам сенгісіз сияқты.

қытай оқушысы

Мектеп оқушысының санын ескерсек, мұғалімдердің жетіспеушілігі жоқ. Барлық пәндер бойынша тек екі мұғалім сабақ береді. Сабақ күнделікті басқа мектептер сияқты арнайы кестемен өтеді.

оқушысы

2010 жылы мектепте 80 оқушы болған. Екі жылдан кейін тек 17 бала қалады. Соңғы жылдары бұл мектепте жалғыз Янг оқып жүр. «Бір ғана оқушымыз болса да, сабақты Білім министрлігінің жоспарына сай күнделікті өткіземіз. Оқу үлгерімі жақсы. Алдағы уақытта басқа балалар сияқты толыққанды мектепке барады деп ойлаймыз»,-дейді ұстазы Ченг Чисионг. Оқушылар мектепті тастап кеткен, не болмаса ата-аналарының жұмысына байланысты басқа жақа көшіп кеткен. Ху Янгтың әпкесі де мектептен кеткен.

а

Фуцзянь провинциясы Қытайдың оңтүстік-батысында, таулы аймақта орналасқан. 35 миллион халқы бар. Алайда, соңғы жылдары көптеген тұрғындар басқа қалаларға табыс табу үшін қоныс аударған..

Дереккөз: Qamshy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.