Облыс әкімдігінде құрылыс саласына байланысты жиын өтті

0 0

Құрылыс саласындағы қадағалау мен бақылаудың барысы қандай? Сәулет және қала құрылысындағы өзекті мәселелер деп нені айтуға болады. Алдағы мақсат –міндеттер мен атқарылатын жұмыстардың легі бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен қорытынды жиында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылдың қаңтар айында облыс басшысы Жамбыл жерінде салынып жатқан барлық құрылыс нысандарына қадағалау мен бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырма берді. Оның ішінде қызыл сызықтан асып кеткен заңсыз ғимараттар, бюджет есебінен салынған нысандардың құнын анықтау, олардың сапасына қадағалау жүргізу секілді маңызды мәселелер бар. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізген облыстық сәулет- құрылыс бақылау басқарамасы өңірде заңсыз жұмыс істеген 10- нысанды жаптырған.

Сонымен қатар, өңірде құрылыс жүргізуге құқығы бар барлық компаниялардың лицензиясын текстеріп, қазір оларды біріңғай базаға тіркеу жұмыстары қолға алынды.
Жиын барысында облыс басшысы жауапты басқармаға заңсыз құрылысты бақылаудың ережесін жасап, аудандармен бірлесіп жұмыс атқару керектігін баса айтты. Дәл осы кездесуде қаланың сәулеті мен құрылысы жөнінде де сөз болды. Өткен жылы берілген тапсырмаларға сай өңірдегі тұрғындары 50 адамға жетпейтін 8- елді мекенді біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, бас жоспарға өзгертулер мен толықтырулар жасалып жатқаны да облыс әкіміне баяндалды. Алайда, бұл саладағы негізгі мәселеге тоқталған Асқар Мырзахметов қаланың біріңғай келбетін қалыптыстыру керектігін айтып, көшедегі жарнаманы реттеу, керек болатын болса ғимараттардың шатырына дейін бір түсте болу керектігін жеткізді. Алдағы уақытта аудандар да қаладан үлгі алып, өз орталықтарын ретке келтіруі тиіс. Тіпті, халық демалатын саябақтар салу керек. Бұл әкімдіктің ортақ жұмысы деді аймақ басшысы.

Жиын соңында облыс басшысы қала келбетіне қатысты жұмыстарды жандандырып, жалпы, өңірді дамытуда жыл сайын бір қадам алға жылжып отыруды тапсырды. Мұның барлығы да ел игілі үшін, халыққа ыңғайлы жағдай жасау үшін керектігін тағы да еске салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.