Қытайда ерекше ғимарат салынады

0 0

Ұлыбританияның Steven Chilton Architects архитектуралық бюросы қытай басқатырғышына негізделген ерекше ғимарат салуды көздеп отыр. 

Ғимарат Гуанчжоу қаласында салынады. Аталған ғимарат үлкен шар тәрізді болып, ішіне 2 мың көрерменді сыйдыра алады. Конструкция темір бетоннан, ал сырты әйнекпен безендіріледі. Ғимаратты безендіретін ою-өрнек жасанды сана арқылы салынады.

Айта кетейік, Steven Chilton Architects (SCA) архитектуралық бюросы – соңғы технологияларды пайдаланып ерекше өнер тудыратын дизайнерлер тобы.

Дереккөз: Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.