Облыста «Әулиеатаның киелі жерлері» сайты мен кітап-альбомы жарыққа шықты

0 1

Жамбыл облысында «Әулиеатаның киелі жерлері» сайты мен кітап-альбомы жарыққа шықты. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Агенттігі хабарлайды.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында салтанатты түрде сайттың таныстырылымы мен кітап-альбомның тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков, Жамбыл облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, журналист, облыстық мемлекеттік архивінің архивисі Мақұлбек Рысдәулет және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.

Айта кетейік, Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» кіші бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған іс-шаралар тізіміне басқарма тарапынан «Әулиеатаның киелі жерлері» жобасы алға қойылған болатын. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін арнайы сарапшылар кеңесі мен жұмысшы топ құрылды. «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дерекциясы» КММ-і «JADIGER» ЖШС-і мен бірлесіп жоба аясында облыс көлемінде орналасқан қасиетті нысандарға жан-жақты ғылыми, далалық-зерттеу экспедиция жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде тарихи-мәдени ескерткіштердің танымалдығы артып, «Әулиеатаның киелі жерлері» сайты мен кітап-альбомы жарыққа шықты. Жинақталған материалдар негізінде аталған басылым 3 тілде баспадан шығарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.