Ардагерлер құрметіне ескерткіш тақта ашылды

0 16

Таразда Әулиеата өңірінің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ардагерлердің құрметіне ескерткіш тақта ашылды. Салтанатты шараға азаматтардың туған-туыстары мен зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты. Еңбекқор ерлердің ел экономикасын нығайтудағы рөлі мен  есте қалған естеліктерімен бөлісті.

Рахманберді КелесовМұсахан Заурбеков, Қали Аханов, Қатжан Спамбетова, Өтеулі Досыбиев, Есмағанбет Ақылбековке ескерткіш тақта ашылды. Аты аталған азаматтар аймақтың дамуы жолында аянбай тер төккен жандар. Мемориалды тақта шаһардағы Қазыбек би көшесінің №1 және №3 тұрғын үйлеріне қойылды.

 Абыройлы азаматтардың  есімі – ел есінде. Іс-шараға қатысушылар халықтың қолдауына ие болған құрметті азаматтар жайында ыстық ықыласын білдірді.

Жамбыл облысы мен Тараз қаласының құрметті азаматтарына ашылған тақта қасиетті топырақтың түлеуіне арналған еңбектің жемісі. Өйткені, атақ еткен еңбек, төккен термен келетіні анық.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.